26 қазан 2022 18:00

Қаңтар оқиғасы: Алматыда барлық қираған көлік иелері өтемақы алды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімдігі қаңтар оқиғасы кезінде қираған автокөлік иелеріне 567 миллион теңге төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы әкімдігі қаңтар оқиғасы кезінде қираған автокөлік иелеріне 567 миллион теңге төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, Алматы қаласы аудандарының әкімдіктеріне автокөлік иелерінен келтірілген залалды өтеу туралы 143 өтінім түскен. Жеке тұлғаларға келтірілген залалды өтеу тетігіне сәйкес, жалпы сомасы 566,7 миллион теңгеге 143 өтінімге қолдау көрсетілген.

"Өтініштерді аудан әкімдіктері түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүлікке келтірілген залалды бағалау өтініш тіркелген күннен бастап 7 күн мерзімде белгіленеді және оны зардап шеккендер таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді. Шығын бойынша бағалауды жүргізу мемлекеттік органдар атынан аудан әкімдіктеріне жүктелді", - делінген әкімдік хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін айыппұл тұрағы әкімшілігі өкілдері қаңтарда Алматы көшелерінде атылған көліктердің жағдайын айтқаны хабарланған болатын. Қаңтардағы оқиға кезінде бүлінген көліктер әлі күнге дейін арнайы автотұрақта тұр. Содан бері 9 айға жуық уақыт өтті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети