20 желтоқсан 2023 09:08

Қар және көктайғақ: Қазақстанда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz /  Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Синоптиктер бүгін, 20 желтоқсанда Қазақстанның барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер бүгін, 20 желтоқсанда Қазақстанның барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде көктайғақ, тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысында бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Жетісу облысының таулы аудандарында қар қалың түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с болады.

Астанада 20 желтоқсанда жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні - 23 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігіде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматыда түнде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с болады.

Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын жауады, облыстың солтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) мол түсіп, бұрқасын болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ. Облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында кей уақыттарда екпіні 25 м/с болады.

Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20, түнде облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с болады.

Шымкентте түнде және таңертең тұман.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети