07 қараша 2021 16:13

Қарағанды облысындағы ТЖ: құтқарушылар шахтадағы апат орнын газсыздандырып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында қазіргі уақытта құтқарушылар төтенше жағдайдан кейін қалған газды жойып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында қазіргі уақытта құтқарушылар төтенше жағдайдан кейін қалған газды жойып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрамында 12 адам бар екі тау-кен құтқару бөлімшесі кенеттен жарылған метан қалдықтарын газсыздандыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Апаттық кенжарда опырылған тау-кен массасының ұзындығы шамамен 20 метр. Шахтаның басқа жерлері қирамады", - деді Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің Қарағанды филиалының директоры Геннадий Силинский.

Еске салайық, 7 қарашада сағат 08.30-да "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Абай" шахтасында кенет жарылысы болды. Апат кезінде шахтада 64 адам болған. 2 адам зардап шекті, 6 адам қаза тапты. Мемлекет басшысы қаза болған шахтерлердің отбасыларына көңіл айтып, оларға көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Ал полиция шахтадағы төтенше жағдай дерегі бойынша соталды тергеу бастады

ТЖД жедел штабының телефоны (8-7212) 51-11-10, жедел желі - (8-7212) 51-72-23.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети