04 тамыз 2022 12:29

Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Рахим Қойлыбаев Фото: Рахим Қойлыбаев

Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.


Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің басылымға берген мәліметі бойынша, Бекенов өз еркімен қызметінен кеткен.

Қайрат Бекенов автокөлік, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін қадағалаған. Бұл қызметте ол 1,5 жыл жұмыс істеді.

Осылайша, қазір облыс басшысының екі орынбасары қалды. Бұған дейін облыс әкімінің екі орынбасары жұмыстан қысқартылған болатын. 

Еске салайық, Қайрат Бекенов 2020 жылдың 15 желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети