15 қаңтар 2022 15:46

Қайрат Шәріпбаев QazaqGaz ҰК басшысы қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© inbusiness.kz © inbusiness.kz

Қайрат Шәріпбаев QazaqGaz ҰК басқарма төрағасы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі SK.kz сайтына сілтеме жасап. 


Қайрат Шәріпбаев QazaqGaz ҰК басқарма төрағасы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі SK.kz сайтына сілтеме жасап. 

"2022 жылдың 14 қаңтарынан бастап Қ.Қ. Шәріпбаевтың "QazaqGaz Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Қайрат Шәріпбаев 1963 жылы ҚазКСР Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақтерек ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Қайрат Шәріпбаев саяси ғылымдардың кандидаты.

1999-2000 жылдары - Тараз қаласы әкімінің орынбасары;
2000-2001 жылдары - "Дәуір" ЖАҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
2001-2004 жылдары - "ҚазТрансГаз" ЖАҚ, "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ маркетинг бойынша бас директордың орынбасары, департамент директоры, басқарма басшысы;
2005-2006 жылдары - "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ кеңесшісі, коммерция бойынша басқару директоры;
2006-2009 жылдары - "Данко" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
2009-2014 жылдары - "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ бас директоры (басқарма төрағасы);
2014 жылы "ҚазТрансГаз" АҚ бас директоры болып тағайындалды. 2014 жылдың қазан айынан бастап "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Газды тасымалдау және маркетинг жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары. 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап "ҚазТрансГаз" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2016 жылдың тамыз айынан бастап "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Газды тасымалдау және маркетинг жөніндегі атқарушы вице-президент.
- 2018-2021 жылдары - "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Газды тасымалдау және маркетинг жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары болған.

2020 жылдың қарашасынан бастап "ҚазТрансГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети