25 сәуір 2021 09:52

Қазақстанда бір жылда бензин бағасы қалай өзгерді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі АИ-92 бензинінің бағасы бір жылда, сондай-ақ өткен айда қалай өзгергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі АИ-92 бензинінің бағасы бір жылда, сондай-ақ өткен айда қалай өзгергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Деректер 2020 жылдың сәуірінде және 2021 жылдың сәуірінде қандай бағалар болғанын салыстыру арқылы ұсынылған. Бұл өңірлер мен Республикалық маңызы бар қалалар бойынша алынған орташа көрсеткіштер.

Кестедегі деректерге сүйенсек, 2020 жылмен салыстырғанда бензин 2021 жылғы сәуірдің басында шамалы арзандағаны көрінеді. Ол кезде көп өңірде бензин бағасы шамамен бес теңгеге төмендеген. Мысалы, Шымкентте бензиннің орташа бағасы литріне 144-149 теңге, ал Алматыда литріне 150-153 теңге болған.

Алайда 2021 жылы сәуірдің ортасында бағалар көтеріліп, 2020 жылдың сәуіріндегі көрсеткіштерден асып түскен. Бензиннің қымбаттағаны еліміздің барлық өңірінде байқалады. Нұр-Сұлтанда бензин бір жылда 8-12 теңгеге, Шымкентте 9-12 теңгеге қымбаттаған. Алматыда орташа баға литріне 156-159 теңгеден 163-168 теңгеге дейін көтерілді.

2021 жылы сәуірде ең қымбат бензин Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында сатылған. Онда орташа баға - литріне 170-173 және 170-177 теңге. Бензиннің ең төменгі бағасы Ақтөбе облысында тіркелген, онда жанармайдың бір литрі орташа есеппен 152-158 теңге сатылады.

Бұған дейін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2021 жылы наурызда АИ-92 маркалы жанармайдың бағасы қалай өзгергенін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети