13 ақпан 2024 09:05

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 13 ақпанда бірнеше өңірде қалың қар жауып, күн бұзылатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 13 ақпанда бірнеше өңірде қалың қар жауып, күн бұзылатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

Атырау облысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 13-15 ақпанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 13-15 ақпанда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 13-14 ақпанда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, 15 ақпанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар). Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

13 ақпанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с.

13 ақпанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. қ.

Шымкентте ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматыда 12 ақпанда кешке, 13 ақпанда түнде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети