26 қараша 2021 11:20

Қазақстандық қыз ТМД елдерінде ең танымал блогер атанды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

TikTok әлеуметтік желісінде Хомяк атымен танымал алматылық 18 жастағы Алина Ким, ресейлік Кирилл Колесниковты басып озып, ТМД елдеріндегі ең танымал блогер атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


TikTok әлеуметтік желісінде Хомяк атымен танымал алматылық 18 жастағы Алина Ким, ресейлік Кирилл Колесниковты басып озып, ТМД елдеріндегі ең танымал блогер атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хома жақында 27,5 миллион жазылушы жинап, ТМД елдеріндегі тиктокерлер арасында бірінші орынға шықты. Бұл ретте каскадер Кирилл Колесников абсолютті көшбасшы болып қалды. Бірақ бүгінде Хомяк оны басып озып, 34,8 миллионға жуық оқырман жинады.

@homm9k

♬ SUA AMIGA DEU SLOWED - Geonwin Slowed

Қазір Хомяк әлемдегі ең танымал қазақстандық TikTok-Yolo House үйінің флагманы болып табылады. Команданың жұмыс істеп жатқанына бір жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт ішінде ерекше атмосфера мен тәртіп қалыптасып үлгерді, шығармашылық процесте әркім өзіне ұнайтын нәрсемен айналысады.

@homm9k @Dina ♬ オリジナル楽曲 - nachika - nayou

Хома липсингті (фонограммамен ән айтуды), сонымен қатар әртүрлі кейіпкерлерді сомдауды жақсы көреді. 

Алина команда алдында ерекше жауапкершілікті сезінетінін және алға жылжытуға бар күшін салатынын айтады.

"Олар менің екінші отбасым, менің барлық бастамаларым мен нәтижелерімді қолдайды", - деп бөлісті бойжеткен.

@homm9k ВЫПУСК СО МНОЙ УЖЕ ВЫШЕЛ! ?@Марина Кравец ♬ You Can Do It - !!!

 Хома күзде Comedy Club әзіл-сықақ шоуының қонағы болды. Түсірілім кезінде Павел Воля және Гарик Харламовпен тренд видео түсірді.  Қазіргі уақытта ол видео 60 миллионға қаралым, 6,2 миллион лайк жинады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети