07 ақпан 2024 17:25

Қазақстандықтар алдағы күндері қандай ауа райына дайын болуы керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер Қазақстанда 8, 9 және 10 ақпанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер Қазақстанда 8, 9 және 10 ақпанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, жақын күндері Қазақстан кезекті атлантикалық циклонмен байланысты атмосфералық фронттар әсерін сезеді. Күн бұлтты болады және жел соғады, республиканың солтүстігінде желдің екпіні 23-28, кей жерлерде секундына 30 метрге жетеді, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, солтүстік облыстарда қалың қар жауып, бұрқасын күтіледі, сонымен қатар циклон әсерінен қысқа мерзімге күн жылынады, кейін аяз басталады.

"Елдің батысы мен солтүстік-батысында 10 ақпанға қарай ауа температурасы түнде 12-20 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі. Республиканың қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети