19 желтоқсан 2021 10:12

Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық саябағы. © Арман Байсадықов Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық саябағы. © Арман Байсадықов

Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем ұлттық табиғи саябағында түркістандық сілеусін қызметкерлер тарапынан қойылған фототұзаққа түсіп қалған. Бұл туралы ҚР ЭГТРМ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан сілеусінін 1904 жылы Ричард Лидеккер анықтап, Lynx lynx wardi деген ғылыми атау берген. Кәдімгі сілеусіннің бұл кіші түрі Орталық Азияның таулы аймақтары мен ормандарында тұрады.

Жыртқыш жануар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, оны аулауға 1976 жылдан бері тыйым салынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети