17 қазан 2023 17:37

Қызылорда облысында әлеуметтік кәсіпкерлерге көңіл бөлініп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Осы жылы Қызылордада кәсіпкерлік саласындағы 2,5 мыңнан аса жобаға қаржылай қолдау көрсетілген. Осылайша, Қызылорда облысында 14,3 пайызға ұлғайды. Мұнда экономикалық белсенді халықтың үштен бірі, яғни 124 321 адам жұмыспен қамтылған.


Осы жылы Қызылордада кәсіпкерлік саласындағы 2,5 мыңнан аса жобаға қаржылай қолдау көрсетілген. Осылайша, Қызылорда облысында 14,3 пайызға ұлғайды. Мұнда экономикалық белсенді халықтың үштен бірі, яғни 124 321 адам жұмыспен қамтылған.

Өткен жылдан бастап елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізімі жүргізілуде. Бүгінгі күні тізімге ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен облыс бойынша 8 кәсіпкер енгізілді. Тізімге енгізілген кәсіпкерлерге қаржылық, мүліктік, инфрақұрылымдық, институционалдық және ақпараттық қолдау, салықтық жеңілдіктер секілді мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетін болады.

Мәселен, "Бибі Айша" тігін цехының басшысы Гүлмира Сариева 10 адамды жұмыспен қамтып отыр. Оның 6 қызметкері әлеуметтік осал топтарға жатады. Олардың қатарында, зейнеткер, ерекше жандар мен жалғызбасты аналар. Көбіне қазақы нақыштағы киімдерді тігумен айналысады. Сондай-ақ, 3 жыл қатарынан қала күніне орай өткізілетін іс-шараға 100-300 адамға арналған киімдерді тігіп келеді. Биыл да Гүлмира Сариева бастаған қызметкерлер бір ай бойы қала күніне өнер көрсететін өрендердің киімін тігуде.

Аймақтағы әлеуметтік кәсіпкерлердің бірі – Дариха Әбілдаева. Ол – "Мейірім" балаларға арналған коррекциялық-дамыту орталығының жетекшісі. Бүгінде бұл орталыққа 3600-ден астам адам қаралған. Дүниеге келген шақалақ сәбиден бастап, 40-ты еңсерген ер-азаматтарға дейін орталыққа жүгінеді.

Ересек азаматтар логопедтің көмегін қажет етеді. Ал, бүлдіршіндер арасында тілдің кеш шығуы, аутизм дерттері тым көбейіп кеткен. Тек Қызылорда облысынан ғана емес, бүкіл республика, тіпті Италия, Таиланд мемлекетіндегі қазақ отбасылары да дертіне шипа тапқан екен.

Дариха Әбілдаеваның айтуынша, әр балаға жеке көңіл бөлу керектігін жеткізді. Көп жағдайда ата-ананың баланың дамуына бей-жай қарауынан тілдің дамуы тежеліп қалады екен.

Сонымен қатар, мамандарды жиі оқыту курстары арқылы білімін жетілдіріп отыратынын айтты. Польша мемлекетінен арнайы дефектолог, логопед мамандары келіп, дәріс оқығанын жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.73   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети