12 сәуір 2021 16:31

"LRT-ні бұзып тастады" - қазақстандықтар Желіде тараған видеоны талқылап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: astana_sergek Фото: astana_sergek

Нұр-Сұлтан тұрғыны Қалдаяқов көшесіндегі LRT-ні "бұзу" сәтін видеоға түсірді. Әлеуметтік желілерде тараған кадрларға City Transportation Systems (CTS) компаниясы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан тұрғыны Қалдаяқов көшесіндегі LRT-ні "бұзу" сәтін видеоға түсірді. Әлеуметтік желілерде тараған кадрларға City Transportation Systems (CTS) компаниясы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram-дағы astana_sergek парақшасында пайда болды. Онда бейне авторы жоба аяқталмайды деген болжам жасайды. 

"Міне, LRT-ні бұзып жатыр. Жалғастырып салмайтын сияқты. Бұрын осында тұрған, бұзып тастады", - дейді кадр сыртындағы адам.

Компанияның баспасөз хатшысы Оксана Лоскутованың айтуынша, видеода LRT-ні бұзу емес, қарапайым жұмыстар кезі түсірілгенін хабарлады. 

"Видеода бағана қазуға арналған құбырлар. Қаржыландыру болса, жұмыс басталады", - CTS өкілі.

Ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов LRT құрылысын жалғастыру үшін шетелдік инвесторлар іздеп жатқанын айтқан болатын.

Еске салайық, елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" бұрынғы басшысы Талғат Ардан Нұр-Сұлтанда LRT (жеңіл рельсті көлік) құрылысына бөлінген ақшаны жымқыру ісі бойынша іздестіріліп жатыр.

Сот 2020 жылдың 20 қазанында Нұр-Сұлтанда басталды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети