05 қараша 2021 09:26

Мамандар Нұр-Сұлтанда жиі кездесетін ауруларды атады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы елорда тұрғындарының арасында қандай аурулар жиі кездесетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы елорда тұрғындарының арасында қандай аурулар жиі кездесетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының 2021 жылғы 9 айдағы деректеріне сәйкес, астаналықтар арасында тыныс алу органдарымен байланысты аурулар жиі кездеседі. Олардың үлесіне Нұрсұлтан тұрғындарының тіркелген барлық өтініштерінің 24,5 пайызы тиесілі.

Екінші орында ас қорыту жүйесінің аурулары - асқазан-ішек жолдарының проблемалары туралы шағымдар барлық өтініштердің шамамен 4 пайызын құрады. Одан кейінгі орында жарақаттар мен уланулар - 3,9 пайыз.

Одан кейін тірек-қозғалыс аппаратының аурулары және қан айналымы жүйесі аурулары - олар астаналықтардың жалпы өтініштерінің 3,4 және 2,4 пайызын құрайды.

Аталған аурулардан негізінен иммунитеті әлсіз, созылмалы аурулары бар ересек тұрғындар, жүкті әйелдер және егде жастағы адамдар зардап шегеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети