02 қараша 2023 16:51

Өңірдің бас полицейі мектептердегі дабыл белгілерінің қызметін тексерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күзгі каникул кезінде атыраулық полицейлер білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті де басты назарға алуда. Оқушылардың құқықтарын қорғау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді.


Күзгі каникул кезінде атыраулық полицейлер білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті де басты назарға алуда. Оқушылардың құқықтарын қорғау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді.

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев облыс орталығындағы бірнеше мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін іске қосылған бейнебақылау жүйелері мен Жедел басқару орталығына тікелей интеграцияланған Дабыл батырмаларының жұмысын және батырма бойынша қызмет көрсететін бөліністердің жеделдігін тексеру үшін арнайы барды.

Айта кетейік, облыс бойынша барлық 201 мектеп бейнебақылау жүйесімен, 146 мектеп Дабыл белгісімен қамтамасыз етілген. Дабыл белгісі басылған соң Жедел басқару орталығына түскен хабарлама бойынша 3 минут ішінде мектепке патрульдік полицейлер алғашқы боп жетті, 5 минутқа жетпейтін уақытта Мамандандырылған күзет мекемесінің қызметкерлері жетті. Ал бұл уақыт ішінде мамандар келгенше мектеп ғимаратындағы адамдар қауіпсіз жерге арнайы нұсқамаға сәйкес шығарылды.

Бақылау жүргізген Департамент бастығы көмекші құрылғылардың қызметі үнемі назарда болу керектігін және тәуліктің кез-келген уақытында сақадай сай болуын тапсырды.

"Бүгін міне балалардың күзгі каникулы кезінде мектептердегі дабыл белгілерін тексерудеміз. Бұл құрылғылар полицияға тікелей байланыс орнатуға көмек береді. Көмекке жедел жету үшін әр сәт, секунд маңызды. Сондай-ақ, мектептердегі бейнебақылау камералары үздіксіз жұмыс істейді. Облыстағы барлық мектепте бейнебақылау камерасы қондырылған", - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Атырау облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.73   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети