"ӨЗІМІЗДІҢ ҚЫЗ-ЖІГІТТЕР"
"Өзіміздің қыз-жігіттер"
Қазақстандық мамандар неліктен шетелде сұранысқа ие?
Кез келген маманның өмірінде кәсіби тұрғыда шарықтау, биікке көтеретін трамплин сияқты бетбұрыс кезеңі бар. Біреулер үшін осындай трамплин университеттегі оқу кезеңі, қызықты адамдармен қарым-қатынас жасау, ал басқалары үшін кәсіби команда, жұмыс орны бола алады. Tengrinews.kz Атырау қаласында және Атырау облысында қызмет атқарып, шетелде елеулі жетістіктерге қол жеткізген қазақстандық бес маманның тарихымен бөліседі.
Ерлі-зайыпты Ілияс пен Бибігүл Түсіпбаевтар
38 және 36 жаста.
Ілияс Алматыда дүниеге келген, ал оның жұбайы Бибігүл Қызылорданың тумасы. Ілияс – Алматыдағы Қазақ-түрік лицейінің түлегі. Түркияның Анкара қаласындағы Таяу Шығыс техникалық университетінде (Middle East Technical University) "Мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша оқуын жалғастырды. Ұлыбританияның Манчестер университетінде мұнай геологиясы бойынша магистр дәрежесін алды. Қазақ, ағылшын, орыс, түрік және испан тілдерінде еркін сөйлейді. Ілияс – мамандығы бойынша петрофизик (тау жыныстарының физикалық қасиеттерін зерттеумен айналысады).
Бибігүлдің мамандығы – жобалау инженері. Алматыдағы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды "Газ-мұнай құбырлары мен қоймаларын жобалау" мамандығы бойынша тәмәмдаған. Ұлыбританияның Манчестер университетінде жобаларды басқару бойынша магистр дәрежесін алды. Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін меңгерген.

Ілияс "Теңізшевройл" ЖШС-не (ТШО) 2008 жылы жұмысқа орналасты және бір жылдан кейін магистратураға түсуге шешім қабылдады. "ТШО осындай бастамаларды қолдайды және оқу кезінде қосымша шәкіртақымен және демалыспен ынталандырып тұрады. Магистратураны аяқтап келген соң, компаниядағы жұмысымды жалғастырдым".
Our Botanical Garden is an advocate for the plants
Бибігүлдің ТШО-дағы жолы ҚазҰТУ-да оқып жүрген кезінде тағылымдамадан өтуден басталды. Өзін жақсы жағынан көрсеткен ол 2008 жылы диплом алған соң бірден инженер-механик лауазымына жұмысқа қабылданды. Екі жылға жуық жобалық-инженерлік топта жұмыс істегеннен кейін Бибігүл жобаларды басқару саласындағы білімін кеңейтуге шешім қабылдап, Манчестер университетінің магистратурасына оқуға түсті.
"Бибігүл екеуміз Теңізде жұмыс істеген кезде таныстық. "Теңізшевройл" компаниясында жұмыс істеген жас инженерлер тобында біз де болдық. Біз бос уақытымызды жиі бірге өткіздік, футбол ойнадық, фильмдер көрдік. Сондай-ақ, Бибігүл екеуміздің вахтамыз сәйкес келетін және вахтамыз ауысқан кезде демалысымызды да бірге өткізіп, бір-бірімізді жақынырақ тани түстік. ТШО-ның біз үшін кәсіби тұрғыда дамып қана қоймай, сонымен қатар жеке қарым-қатынасымызды қалыптастырған мекен болуы теңдессіз кездейсоқтық еді. Біздің үйленгенімізге 12 жыл болды, берекесі ұйыған құтты шаңырағымызда 10 және 5 жасар қыздарымыз өсіп келеді", - дейді Ілияс.
Бүкіл әлемде арнайы дағдыларды қажет ететін "Петрофизика" мамандығы бойынша мамандар тапшы, осыған байланысты ТШО Ілиясты АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы "Шевронның" бас кеңсесіне екі жылғажіберді. ТШО-дан кеткен кезде оның жұмыс өтілі шамамен 13 жыл болды, онда ол негізінен кен орнын игеру бөлімінде петрофизик болып жұмыс істеді және жаңа ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарының жүргізілуіне ықпал етті. 2015 жылы Ильяс АҚШ-қа оқуға жіберілгенде, Бибігүл ТШО қызметкері ретінде "Шевронның" әртүрлі позицияларын қарастырып, Хьюстондағы жобалық инженер лауазымына іріктеуден сәтті өтті.
"ТШО-да жұмыс істеген кезде біз орасан зор тәжірибе жинақтадық, компания "Шеврон" корпорациясының озық технологияларын, стандарттарын, процестерін қолданады, ал кейде ТШО тіпті "Шевронның" басқа бизнес-бөлімшелерінен озып кетті. Мысалы, мұнай-газ компаниясындағы жобаларды басқарудағы "Agile" әдістемесі ТШО-да бірінші рет сәтті қолданылды және оған Бибігүл басшылық етті. Оның бұл білімі мен тәжірибесі "Шевронға" жұмысқа орналасуға көмегін тигізді.

ТШО-да SPE, AAPG сияқты кәсіби қауымдастықтарға қатысуға ынталандырылады және демеушілік жасалады. Мен SPE-дегі жарияланымдардың авторы және бірлескен авторы болдым, бұл маған ТШО-дан тыс жерде біліміммен бөлісуге және танысу аясын кеңейтуге мүмкіндік берді. "Шевронға" жұмысқа кіру үшін әңгімелесу барысында мен өзімнің жарияланымдарым туралы айттым және бұл сұхбат алушыларға жақсы әсер етті. Әлемдегі мұнай-газ саласының ірі жобаларының бірінде жұмыс істей отырып, ТШО қызметкерлері жоғары қабат қысымы, күкіртті сутектің (H2S) болуы, жарылған карбонатты қабаттардың геологиялық ерекшеліктері және қатал климаттық жағдайлар сияқты күрделі міндеттерге тап болудың бірегей мүмкіндігіне ие. Бұл тәжірибе мамандандырылған құрал-жабдықтардың, жоғары қауіпсіздік стандарттарының және ең алдымен білікті мамандардың болуын қажет етеді.

Теңіз кен орнындағы бірегей жұмыс тәжірибесі біздің мансабымызға үлкен әсер етті. Бұл тәжірибе АҚШ-та жұмыс іздеу кезінде біздің мүмкіндігімізді едәуір жақсарта түсті. Мұнай саласындағы мамандардың көпшілігі Теңіз кен орны туралы біледі немесе кем дегенде естіген, бұл біздің тәжірибеміз бен дағдыларымызға бірден қызығушылық тудырады. Жұбайым екеуміз кәсіби тұрғыда қол жеткізген жетістіктерімізді мақтан тұтамыз.

АҚШ-қа көшкеннен кейін біз бәсекелестігі жоғары әлемдік таланттар пулында екенімізді түсіндік. Бұл бізді жаңа биіктерге ұмтылуға және жаһандық сын-қатерлермен күресті жеңіп, одан да үлкен нәтижелерге қол жеткізу үшін дамуды тоқтатпауға шабыттандырды".
Ерлі-зайыптылар, сайып келгенде, олардың басты мақсаттарының бірі – жеткілікті тәжірибе жинағаннан кейін Қазақстанға оралып, жас студенттермен немесе әріптестерімен бөлісу екенін айтады. "Біз білім мен тәжірибе алмасу қоғам мен ұлттың дамуында маңызды рөл атқаратынына кәміл сенімдіміз. Өз елімізде және шетелде біз қиындықтарды жеңуге және инновацияларды дамытуға көмектесу үшін білім мен тәжірибенің қалай шабыттандыратынын көрдік. Біз Қазақстанның жас ұрпағына өз әлеуетін тиімді іске асыруға көмектесу үшін, өз сабақтарымызбен, жетістіктерімізбен, тіпті сәтсіздіктерімізбен де бөліскіміз келеді".
Ғазиз Сарғалиев
38 жаста.
Ғазиз – Атыраудың тумасы. 2006 жылы Алматыдағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (КИМЭП) "Қаржы және іскерлік әкімшілендіру" мамандығы бойынша бітірген. Бұған дейін Атырау қаласындағы қазақ-түрік лицейінде оқыған. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.
"2006 жылы КИМЭП-тің соңғы курсында оқып жүргенде, мен де көптеген курстастарым сияқты көктемде өткізілген бос орындар жәрмеңкесіне бардым. Онда ҚР көптеген жұмыс берушілерінің өкілдері қатысты, олардың көпшілігі қаржылық консалтингтік фирмалар, банктер және FMCG-сектордағы компаниялар болды. Бірақ өзім атыраулық болғандықтан, көп компанияның арасынан біреуі көзіме жылы ұшырады. Бұл "Теңізшевройл" компаниясы болатын. Түйіндемемді олардың алдында үйіліп жатқан қағаздардың үстіне салғаным есімде (2006 жылы әлі толығымен қағазбен жұмыс істейтін кезең еді). Толған қағаздың арасынан менің түйіндемемді біреу байқайды-ау деген үмітім аз болды. Бірнеше айдан кейін қоңырау шалып, Атырауға сұхбатқа шақырған кезде менің таңданысым мен қуанышымда шек болмады! Еш ойланбастан, қажетті анықтамаларды жинап, дереу ұшаққа билет сатып алдым. Осылайша, менің еңбек жолым ТШО-дан басталды. Бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және аудит, адами ресурстар бөлімдерінде қызмет атқардым. Әртүрлі лауазымдарда жұмыс істедім, олардың көпшілігі басшылық қызметемес, өндірістік процестер мен әртүрлі жобаларды қолдау үшін есептеулер, ұсыныстар мен сараптама материалдарды дайындаумен байланысты болды".
Ғазиздің айтуынша, адамдар компанияның үздіксіз өндірісі мен дамуын қамтамасыз ететін негізгі ресурс болып табылады. "Бұл идея ТШО корпоративтік мәдениетінен, тартымды сыйақы пакетінен және қызметкерлерге жасалған лайықты еңбек жағдайларынан айқын көрінеді. Бірақ бұл жұмысшыларға қойылатын жоғары талаптардан да анық байқалады. Менің ойымша, ТШО-ның қызметкерлерге қоятын ең маңызды талабы – тәртіп, яғни іскерлік этика сатндарттарын, қауіпсіздік техникасын және басқа да нормаларды мүлтіксіз сақтау".
Компанияның қызметкерлерді "Шеврон" корпорациясының әлемнің әртүрлі елдеріндегі бөлімшелеріне уақытша халықаралық қызметтерге жіберетін арнайы бағдарламасы бар. Бағдарламаның мақсаты – қазақстандық қызметкерлерді дамыту, олардың болашақта Қазақстанда қолдана алатын халықаралық тәжірибені меңгеруі.
"Мен осы бағдарламаға қатысу үшін таңдалған жұмысшылардың бірі болдым. 2022 жылдың маусымынан бастап мен Хьюстондамын (Техас, АҚШ) және "Шеврон" корпорациясының адам ресурстары департаментінде жұмыс істеймін. Мен компанияға осындай ерекше мүмкіндік бергені үшін өте ризамын. ТШО-ның қазақстандық мамандарды дамытуға деген адалдығына тағы бір рет көзім жетті. Қазіргі уақытта осы бағдарлама бойынша ТШО-ның 40-қа жуық қызметкері халықаралық қызметте жүр. Бағдарламаның шарты – шетелге жіберілген әрбір қызметкердің қызметі аяқталған соң Қазақстанға оралуын көздейтінін айтып өткен жөн. Осылайша, үздік халықаралық тәжірибелерді енгізу, қазақстандық жас мамандарға тәлімгерлік ету және шетелдік кадрлар атқаратын лауазымдарды ұлттандыру жөніндегі мақсаттарға қол жеткізіледі".
ТШО-да жұмыс істеу тәжірибесінің өзі кәсіби даму үшін бірегей мүмкіндік болып табылады. "Біріншіден, компаниядағы жұмыс процестері әлемдік стандарттар бойынша құрылған және көбіне олардың әлемде теңдесі жоқ. Екіншіден, өзінің ауқымы, географиялық жағдайы, сондай-ақ мердігерлік ұйымдар мен әртүрлі елдерден келген адамдардың көптігінің арқасында әлеуметтік, мәдени және іскерлік орта құрылады, менің ойымша, мұндай орта басқа жерде жоқ. Үшіншіден, біздің компания жүзеге асырып жатқан жобалардың ауқымы мен күрделілігі тек Қазақстанды ғана емес, бұкіл әлемді таңдандырады. Осының арқасында, менің ойымша, ТШО-да тәжірибе жинақтаған адам әлемнің кез келген елінде өзін еркін сезіне алады".
Жандос Мейрхан
36 жаста.
Жандос – Алматы облысындағы Үштөбе деп аталатын шағын қалада туған. Талдықорғандағы ҚТЛ бітірген. Алматыдағы ҚБТУ-да "Мұнай-газ ісі" мамандығына (2009), содан кейін Турин политехникалық университетінің магистратурасында "Экологиялық инжиниринг" мамандығына (2011) оқыды. 2012 жылы Schlumberger компаниясына жұмысқа орналасты.
"Алғашқы үш жылда Ресей мен Канадада Қиыр Солтүстік жағдайында далалық жұмыстарда болды. 2015 жылы Теңізге ауысуға мүмкіндік алған ол мұндағы еңбек жағдайлары мен жобалардың алуан түрлілігіне таң қалды. Теңізде 4 жыл инженер болып жұмыс істеді. Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу оңай жұмыс емес. Жұмыс үлкен жоспарлау мен дайындықты қажет етеді. Бұрғылау зауытында, ұңғымада зерттеу жүргізу кезінде қателік жіберуге болмайды. Екінші жағынан, бұл жұмыс дамуға, мәселелерді шешуге және команданы басқаруға көмектеседі".
Жандос Теңізге еңбекте шыңдалған инженер ретінде келгенін айтады, бірақ осы бірегей жобадағы жұмыс тәжірибесі оған техникалық ауқымда шыңдала түсуге мүмкіндік берді. "Ойын" ең жоғары деңгейде жүргізіледі. Теңіздегі жұмыс тәжірибесі әлемнің кез келген нүктесінде пайдаға асады".
Our Botanical Garden is an advocate for the plants
Жандос автоматтандыру және жасанды интеллект саласындағы инновациялық өнімдер мен шешімдерді жасауды ұнатады. Теңізде жұмыс істеген уақытында ол Excel-дегі кестелерге, түгендеуге, деректерді іздеуге көп уақыт жұмсамау үшін, өз командасына ыңғайлы қосымша жасап шығарды. Ал 2018 жылы Жандостың бейресми жобасы Теңізде және әлемнің басқа да жерлерінде ресми түрде қолданыла бастады.
"2019 жылы мені Техас штатындағы технологиялық орталыққа ауыстыру туралы өтініш келіп түседі және мен әзірлеушілер тобына сарапшы, сынаушы, үйлестіруші ретінде қосылдым. 2020 жылы Таяу Шығыста ұңғымада әлемдегі алғашқы толық автоматтандырылған каротаждық операцияны жүргіздік (ұңғыманың кесімін егжей-тегжейлі зерттеу - ред.). Бір жылдан кейін көлденең ұңғымалардан өтуге арналған трактор-аспаптардың автоматты жұмысын бастадық. Ал 2022 жылы Солтүстік теңізде электрлі каротаж станциясымен жүргізілетін алғашқы автоматты жұмысты бастадық. Қазір менің техникалық басшылығыммен біз мұнай-газ индустриясы тарихында алғашқы болып автопилоттық жүйелерді іске қосамыз. Менің басты мотиваторым – әзірлемелерді ойлап табу және олардың қалай пайда әкелетінін бақылау мүмкіндігі".
Жандос Қазақстандағы университеттер жанындағы арнайы инженерлік және зерттеу орталықтарының ірі компаниялармен ынтымақтастықтығын қолдаудың қаншалықты маңызды екенін атап көрсетеді. "Кез келген мүмкіндікті пайдаланып, жинақтаған тәжірибем мен пайдалы әзірлемелерді Теңізге қайтарғым келіп тұрады. Қазақстанға жыл сайын келемін және келесі жылы Астана мен Алматыдағы бір немесе екі университетте бірнеше арнайы дәріс оқуды ойлап жүрмін".
Мейрам Шілденов
59 жаста.
Мейрам Теңіз кен орнына жақын орналасқан Сарықамыс ауылында өскен. 1986 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Satbayev University) "Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау" мамандығы бойынша бітірген.

1993 жылы "Теңізшевройл" компаниясы құрылғанға дейін Теңіз кен орнында "Теңізмұнайгаз" өндірістік бірлестігінде ауысым бастығы және одан кейін зауыттың Химреагенттік паркінде жұмыс істеді. ТШО-да Мейрам түрлі нысандарға, соның ішінде кешенді технологилық желіге (Мұнай мен газды бөлу жөніндегі кешенді технологиялық желілер), екінші буын зауыты мен шикі газды айдауға (ЕБЗ/ШГА) жұмылдырылды. Қазір ол – Үшінші буын зауыты мен Ұшінші буын шикі газды айдау нысандарында Келешек кеңейту жобасының пайдалану бөлімінде өндіріс бастығы.
Мейрамның айтуынша, ТШО-да жұмыс істеген алғашқы жылдары ол мұнайды меркаптаннан тазарту жобасына қатысқан (мұнайды меркаптандардан - көмірсутек пен күкіртсутек туындыларынан тазарту).

Содан кейін 1997 жылы өндіріс процестеріндегі кедергілерді жоюға бағытталған Debottlenecking бағдарламасы іске қосылды. Ұңғымалар Теңізде мұнайдың ең көп қорын бере алатынына қарамастан, кейбір зауыттық қондырғылар өндірісті ұлғайту мүмкіндігін шектеді. Сондықтан КТЖ қондырғылары үшін жаңа технологиялық тораптар жобаланды, жабдықтың бір бөлігі ауыстырылды, жаңа катализаторлар қолданылды, жетілдірілген жылу алмастырғыштар орнатылды, компрессорлардың жұмысы оңтайландырылды.

Мейрам сонымен қатар тауар және резервуар парктерін жаңғыртуға, алаулардағы шығарындыларды азайту жобасына, базалық өндірістің ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыру бағдарламасына қатысты. Осы уақыт ішінде Мейрам зауыт секциясының бастығынан 2009 жылы Теңіз кәсіпшілік нысандарының басқарушысына дейінгі қызметтерді атқарды. Қазақстандық мұнайшының мол тәжірибесіне қарап, оны 2011 жылы Болашақ кеңейту жобасына тартты. Ол кезде жұмыс британдық Fluor корпорациясымен бірлесіп жүргізілді. Нәтижесінде, жобаның шетелдік менеджерлерінің бірі ол туралы "Нысанды жобалаудың маңызды сәтінде нысанды қауіпсіз және сенімді пайдалану туралы болашақта ұзақ мерзімді нәтиже беретін негізгі ақпаратты ұсынған білікті басшы" деген пікірін ашық айтты.
Бірақ Мейрам операторларының бірі "Шеврон" компаниясы болып табылатын Үнді Мұхитындағы Австралияның Барроу аралына жақын орналасқан Горгон газ кен орнындағы жұмыстардың ең күрделі шаралар болғанын айтады. Ол жұмысқа алдымен өндірістік кеңесші ретінде тартылды, бірақ кейін операциялық жұмыстарға ауыстырылды. Бұл жоба туралы айта отырып, Мейрам зауытта басымдыққа ие болған барлық нәрселермен айналысуға тура келгенін есіне алады.
"Ұңғымалардың су асты инфрақұрылымын зерттеуге тура келді. Бұл – өте күрделі және қымбат жұмыс. Барлық ақауларды тек датчиктердің көрсеткіштері бойынша анықтауға болады, бірақ жағдайды тексеру және болжамды жөндеуді бағалау үшін дронды іске қосу керек –дроны бар кемені мұхиттағы ақау табылған орынға жіберу және дронды бір рет батыру қымбатқа түсті", - дейді Мейрам.
Сонымен бірге, оның айтуынша, су астындағы жабдықтың ақауларының себептері, жөндеу әдістері және дронды ұшыру мүмкіндігі туралы талқылау үш-төрт аптаға созылуы мүмкін.

Содан кейін табиғи газды тазарту және сұйылту қондырғыларын, газ құю шлангтарын, танкерді алғашқы толтыруды, конденсатты айдауды, компрессорларды жөндеуді және т.б. іске қосу жұмыстары жүргізілді.

Мейрам 2017 жылы Теңізге оралып, Келешек кеңейту жобасындағы жұмысын жалғастырып, өз әріптестерімен тәжірибесімен бөлісіп, қазақстандық кен орнында жаңа әдістер мен стандарттарды енгізді.
"Біз шетелдік әріптестерімізден еш кем түспейміз. Теңізде қолданылатын озық әдістер бізге деген сұраныстарды арттырады. Біздегі еңбек мәдениеті мен еңбек қауіпсіздігі ерекше, ал бұл әлемдік стандарттардың талаптарына толығымен сәйкес келеді".
ТШО-ның 30 жылдағы басты жетістігі әлемдік мұнай-газ нарығында бәсекеге түсе алатын жоғары кәсіби қазақстандық мұнай-газ саласы мамандарының мыңдаған пулы болып табылады. Егер ТШО құрылған алғашқы сәттерде ұлттық қызметкерлер саны 50 пайыздан сәл астам болса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 95 пайызға жетті. Ал қазақстандық жоғары және орта буын басшыларының үлесі 87 пайызды құрайды. ТШО қызметкерлері Қазақстанның ірі мұнай өндіруші болуына және әлемдік аренадан ойып тұрып орын алуға өз ықпалын тигізді. ТШО бұрғылау, өндірістік операциялар, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, резервуарды қолайландыру және басқа да негізгі салалардағы жергілікті әлеуетті кеңейтуге 93 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция салды. 2010 жылдан бастап қазақстандық қызметкерлер үшін 86 000+ тренинг өткізілді, оның ішінде халықаралық тренингтер де бар.

ТШО философиясы үздік ұлттық кадрларды барлық буындағы басшылар мен жетекші техникалық мамандардың негізгі позицияларына тұрақты түрде ілгерілете отырып, әлемдік стандарттарға сәйкес келуі тиіс технологиялар мен жұмыс процестерін үнемі жоғары деңгейде ұстау қажеттілігін білдіреді.

Кез келген маманның өмірінде кәсіби тұрғыда шарықтау, биікке көтеретін трамплин сияқты бетбұрыс кезеңі бар. Біреулер үшін осындай трамплин университеттегі оқу кезеңі, қызықты адамдармен қарым-қатынас жасау, ал басқалары үшін кәсіби команда, жұмыс орны бола алады. Tengrinews.kz Атырау қаласында және Атырау облысында қызмет атқарып, шетелде елеулі жетістіктерге қол жеткізген қазақстандық төрт маманның тарихымен бөліседі.

Серіктестік материал

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети