23 наурыз 2024 14:57

Павлодар облысында су қоймасынан екі балықшы өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Павлодар облысы ТЖД Фото: Павлодар облысы ТЖД

Павлодар облысында су қоймасынан екі балықшы өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында су қоймасынан екі балықшы өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

22 наурызда сағат 20:33-те Екібастұз қаласының ГРЭС-2 ауданында, "Шандықсор" жасанды су айдынында 1978 және 1976 жылы туған ер адамдар жеке көліктерімен мұз астына түсіп кеткені туралы хабар түскен.

Фото: Павлодар облысы ТЖД

Ер адамдар балық аулауға Павлодардан келгендері анықталды. Көлік жағадан 700-800 метр қашықтықта батып кеткен.

23 наурызда сағат 07:20-да Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 7 адам, 2 бірлік техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.

Фото: Павлодар облысы ТЖД

Құтқарушылардың күшімен балықшылардың денелері су қоймасынан алынды.

Павлодар облысының ТЖД мұздың қазір өте жұқа екенін және оған шығу қауіпті екенін ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.92   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети