18 қыркүйек 2021 11:42

Сағынтаев "Достық" метро бекеті атауын өзгертуді ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәслихатқа Алматы метросының бекеттері атауын өзгерту туралы ұсыныс енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәслихатқа Алматы метросының бекеттері атауын өзгерту туралы ұсыныс енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағынтаев Facebook-парақшасында Қала күні қарсаңында мәслихатқа қоғамда талқыланып жатқан мәселелерді шешу туралы ұсыныс енгізгенін жазды.

"Бұл Алматы метрополитенінде салынып жатқан екі бекеттің атауын өзгертуге қатысты", - деп жазды әкім.

"Достық" бекетіне Бауыржан Момышұлының есімін беру ұсынылған. Болашақта "Западный" автовокзалы аталуы мүмкін бекетке "Қарасай" атауы ұсынылмақ.

"Достық" бекеті Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында салынып жатыр. Оның іске қосылуы 2021 жылдың аяғына жоспарланған. "Западный" автовокзалы Алматы облысы Қарасай ауданының шекарасында салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети