26 қаңтар 2023 09:02

СҚО-да 23 жастағы қыз екі аптадан бері табылмай жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында 23 жастағы Алена Пятковаға іздеу жарияланды. Одан екі аптадан бері хабар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Petropavlovsk.news сайтына сілтеме жасап.


Солтүстік Қазақстан облысында 23 жастағы Алена Пятковаға іздеу жарияланды. Одан екі аптадан бері хабар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Petropavlovsk.news сайтына сілтеме жасап.

СҚО волонтерлері әлеуметтік желідегі парақшада Алена Евгеньевна Пятковаға іздеу жариялады.

"1999 жылы туған қыз 10 қаңтардан бері жоқ. Мамлютка қаласында тұратын ол сол күні Петропавлға барам деп жолға шыққан. Содан бері хабарсыз", - делінген хабарламада.

Аленаның бойы - 168 см, арықша келген, ұзын қара шашты, көк көзді.

Сол күні басында қызғылт түсті бас киім, үстінде қара-көк түсті, жағасы ақ терімен көмкерілген күрте, көк джинсы шалбар, қара бәтеңке болған.

Іздеу жарияланған қыз жайында қандай да бір ақпарат болған жағдайда 8 777 307 99 65, 8 926 626 64 33 немесе полицияның 102 нөміріне хабарласуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети