29 қыркүйек 2023 20:25

Талғар ауданында 2024 жылы блокты-модульді қазандық салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғар ауданына қарасты Кеңдала ауылдық округінің тұрғындары қыстың күні жылусыз қаламыз ба деп дабыл қаққан еді. Бұқараның базынасына жергілікті билікте назар аударып, шұғыл түрде БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.


Талғар ауданына қарасты Кеңдала ауылдық округінің тұрғындары қыстың күні жылусыз қаламыз ба деп дабыл қаққан еді. Бұқараның базынасына жергілікті билікте назар аударып, шұғыл түрде БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.

Жиында, Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбекова пен Алматы облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Асхат Бердіханов жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Аудан әкімінің сөзіне сенсек, тұрғындарды алаңдатқан жылу мәселесі келер жылы шешімін табады.

"Кеңдала ауылдық округіндегі Смықов көшесінде орналасқан № 10, 24, 49, 49а, 53, 59 үйлерге жылу беру үшін газбен жұмыс істейтін автономды блокты-модульді қазандық салу жоспарланған. Жобалық-сметалық құжаттары әзірлену сатысында тұр", - дейді аудан әкімі Танат Айдарбеков.

Сонымен қатар, өңір басшысы орталық жылуға қосыламыз деп, жылыту пешін алып тастаған тұрғындарға өз кезегінде көмек қолын созатынын айтты.

"БАҚ-та аталған үйдің тұрғындарының жылыту құралдарын алып тастағаны туралы ақпара тарады. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін, арнайы топ құрдық. Олар тұрғын үйлерді аралап, шын мәнінде пештер алынған ба, жоқ па анықтайтын болады. Егерде, жылу көзінен ажыраған үй болса, жергілікті атымтай жомарт азаматтардың көмегімен болсын, қалпына келтіріп береміз", - деп ағынан жарылды.

Ал, облыстық ТҮКШ басшысы Асхат Бердіханов болса, тиісті құжаттар дайын болған соң, мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткеннен кейін жоғарыда көрсетілген жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім берілетін алға тартты.

Жауаптылардың айтуынша, блокты-модульді қазандық салуға қаражат бөлінген кезде құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Жобамен айтсақ, БМҚ салу 2024 жылдың наурыз айында басталады.

Алматы облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети