11 қыркүйек 2021 10:52

"Тарихтағы ең қаралы күндердің бірі" - Тоқаев АҚШ-тағы террорлық шабуылдар туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қыркүйектегі лаңкестік шабуылдың 20 жылдығына орай Америка халқына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қыркүйектегі лаңкестік шабуылдың 20 жылдығына орай Америка халқына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін біз де бүкіл әлемді дүр сілкіндірген АҚШ тарихындағы ең қаралы күндердің бірі – 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террорлық акт құрбандарын еске аламыз", - деді Мемлекет басшысы Twitter-де.

Сондай-ақ, Президент Қазақстан терроризммен күресте халықаралық қауымдастықты қолдайтынын айтты.

"Адамзатқа қарсы жасалған осы жантүршігерлік оқиға бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдардың жадында берік сақталған.

Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың терроризмге қарсы іс-қимылдарын түбегейлі қолдайды. Қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету – Қазақстан стратегиясының және АҚШ-пен стратегиялық серіктестігіміздің негізгі ұстанымы", - деді Тоқаев.

Еске салайық, осыдан 20 жыл бұрын, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та адамзат тарихындағы ең ірі террористік шабуылдардың бірі болды. Үш мыңға жуық адам қаза тапты. Екі ұшақ Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының мұнараларын тас-талқан етті, үшіншісі Пентагон ғимаратына құлады, ал тағы біреуі Пенсильваниядағы Шанксвилл маңына түсті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети