26 қаңтар 2023 10:40

Тоқаев: "Әртүрлі көзқарас, біртұтас ұлтқа" негізделген қағидатымыз мызғымайды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанпав Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанпав

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат отырысында киелі жеріміздегі тыныштық пен береке тек Қазақстан халқына, бірлік пен ынтымаққа байланысты екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат отырысында киелі жеріміздегі тыныштық пен береке тек Қазақстан халқына, бірлік пен ынтымаққа байланысты екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің "Әртүрлі көзқарас, біртұтас ұлтқа" негізделген қағидатымыз мызғымайды. Саяси радикализм мен экстремизмнің кез келген түріне елімізде орын жоқ. Демократия – бұл, ең алдымен, өз сөзің мен ісіңе жауапкершілікпен қарау. Бәріміз бір шаңырақ астында өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан әрбір азамат, кез келген қоғам қайраткері, барша саяси күш ел болашағы үшін өзінің тікелей жауапкершілігін сезінуі қажет.

Барша отандастарыма айтарым: әлемде бұрын-соңды болмаған күрделі геосаяси ахуал кезінде еліміздің тыныштығы мен ырыс-берекесін сақтау тек өзімізге, бірлігіміз бен ынтымағымызға байланысты. Тәуелсіздігімізді сақтау және оны нығайту аса маңызды міндет екенін тағы да еске саламын. Бұл – халқымыздың басты құндылығы", - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, біз конструктивті реформа бағытымен алға қарай нық қадам басып, мемлекеттілігімізді нығайтып, қоғамды біріктіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек.

"Саяси жауапкершіліктің биік мәдениеті мен азаматтарымыздың шынайы патриотизмі мұның кепілі бола алады. Әрқайсымыз өзара тілеулестік қағидатынан айнымауымыз керек. Сонда ғана тең мүмкіндіктер мен дамуды ту еткен Әділетті Қазақстанды құрамыз", - дейді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети