06 сәуір 2024 12:05

Тоқаев Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты. Сондай-ақ бұл гуманитарлық көмек екі ел арасындағы шынайы достықты, тілеулестікті және тығыз одақтастық қарым-қатынасты білдіретінін атап өтті.

Мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз қатынастары барлық бағытта қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

Әңгімелесу барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты.

Қырғызстан Президенті жақын арада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келетінін растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети