12 желтоқсан 2023 11:17

Президент Қазақстанда жасанды интеллект жүйесін құруға өзі жетекшілік ететінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы қазір Қазақстанда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Ол үшін мемлекет барлық жағдайды жасап отыр. Шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің 36 пайызынан асты. Салтанатты жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы бірнеше жайтқа назар аударды.

"Цифрлық платформаны созбалаңға сала бермей, тез арада құру аса маңызды. Сол арқылы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу процесін нақты уақыт режимінде бақылауға болады. Мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты барлық шешімі мен шектеу шаралары бойынша "прокурорлық сүзгі" жұмыс істей бастайды. Осылайша, біз инвесторларды негізсіз айыппұлдар мен салықтардан, әділетсіз және ұзаққа созылған сот дауларынан қорғаймыз. Жалпы, бизнес үшін әділ әрі ашық ойын ережесін қамтамасыз етуге бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.

Елімізде жасанды интеллект жүйесін құру – өз алдына бөлек әрі өте маңызды мәселе. Қазақстанның болашағы және оның халықаралық қоғамдастықтағы орны осы жұмыстың сәтті іске асуына байланысты. Сондықтан бұл бағытқа өзім жетекшілік етемін және шетелдік, отандық мамандармен кездесемін, сондай-ақ жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауда ұстаймын", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети