22 маусым 2022 17:26

Тоқаев Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елордада 14-15 қыркүйек аралығында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындық барысы жөнінде ақпарат берілді. Діни форумға қатысушылар пандемиядан кейін адамзатты әлеуметтік-рухани бағытта дамытудағы әлемдік және дәстүрлі конфессия көшбасшыларының рөлін талқылайды.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, съезге жоғары деңгейдегі діни және рухани көшбасшылар қатысады деп жоспарланған. Съезд Хатшылығы форумды ұйымдастыру және мазмұны жағынан жоғары деңгейде өткізу үшін белсенді жұмыс істеп жатыр.

Мәулен Әшімбаев Парламенттің VII шақырылымдағы 2-сессиясында Сенат атқарған жұмыстардың қорытындысы жөнінде мәлімет берді. Қазіргі уақытта Парламент 68 заңды қабылдап, Мемлекет басшысының қол қоюына жолдады. Сенат депутаттары осы сессия барысында 18 заң жобасына бастамашы болған.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Конституциялық реформалар аясында заң шығару процедурасын оңтайландыру үдерісі жөнінде ақпарат берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети