26 қазан 2022 17:17

Ұлттық банк "7-20-25" бағдарламасының жабылуына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ұлттық банк басқармасы төрағасы Ғалымжан Пірматов "7-20-25" бағдарламасының жабылуына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк басқармасы төрағасы Ғалымжан Пірматов "7-20-25" бағдарламасының жабылуына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандық қоғамда "7-20-25" бағдарламасы жақын арада, қаражат игеріліп болғаннан кейін жабылады деген қауесет жиі таралады", - деп сұрады журналистер Ұлттық банк басшысынан Астанада өткен брифингте.

Ғалымжан Пірматов бұл бағдарлама бойынша өтінімдер саны бөлінген қаражат қалдығынан асып түскенін айтты.

"Біз бұрын хабарлағандай, толық игерілуін күтеміз. "7-20-25" бағдарламасына сәйкес: бөлінген қаражат толық игерілгеннен кейін ғана одан шығамыз. Қашан аяқталады? Бұл қаражаттың қаншалықты тез игерілетініне байланысты. Біз нақты жауап бере алмаймыз. Негізінде өтінім саны бұл бағдарлама бойынша қалған қаражаттан көп", - деді Ғалымжан Пірматов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети