13 мамыр 2022 12:24

Вице-премьер Скляр Қазақстандағы көлік бағасы туралы пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы көлік бағасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы көлік бағасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Халықаралық форумында Склярға Қазақстандағы көліктің қымбаттауы туралы сұрақ қойылды.

"Қазақстанда ұсақ торапты және ірі торапты құрастыру әдісімен шығарылатын көлік құны белгілі, "Өнеркәсіптік саясат туралы" заңға сәйкес машина жиынтықтарын өндіруші зауыт пен біздің зауыт арасында делдалдар жоқ.

Сондықтан, локализация, мысалы, 32 пайыз - ол бағаға да әсер етеді. Яғни, 32 пайыз кірісті автоөндіруші алады, ол одан әрі дилерге береді, ол ең төменгі үстеме баға белгілеп, сатады. Яғни баға белгілеу ашық", - деп түсіндірді Скляр.

Еске салайық, бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр банктер 16 мамырдан бастап жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдай бастайтынын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети