09 қараша 2021 12:18

Қазақстанда ет бағасы алдағы уақытта қалай өзгереді?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан ет одағының атқарушы директоры Асқар Жұбатыров ет бағасы алдағы айлар мен 2022 жылы қалай өзгеретіні, сондай-ақ ол неге тәуелді болатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан ет одағының атқарушы директоры Асқар Жұбатыров ет бағасы алдағы айлар мен 2022 жылы қалай өзгеретіні, сондай-ақ ол неге тәуелді болатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұбатыровтың айтуынша, ет бағасы өсіп барады, бірақ шаруалар жазғы қуаңшылықтан кейін малын арзанға сатып жатыр.

"Қазір өңірде сиыр етінің бір келісі үшін бөлшек сауда бағасы 2600-2800 теңге. Нарықтағы ұсыныс көбейген жағдайда, теориялық тұрғыда баға төмендеуі керек. Мұны фермерлерден ет алатын сатушылардан байқаймыз. Ондағы баға бір келісіне 1600-1800 теңге деңгейінде өзгереді. Осы тұрғыдан алғанда, болжамымыз дұрыс, баға түседі", - деді сарапшы.

Оның айтуынша, егер фермерлерге барып, олардан делдалсыз 10 келі және одан да көп ет алатын болса, сиыр етін 2200 теңгеден сатып алуға болады.

Жұбатыров жыл аяғына қарай баға өсуі мүмкін екенін, бірақ айтарлықтай емес - бөлшек саудада ең көбі 3 мың теңгеге дейін екенін нақтылады.

"Бізде ашық нарықтық экономика бар, кез келген жағдайда әлемдік бағаға қараймыз. Мысалы, Қытайда, Түркияда мұздатылған ет бағасы бір келісі үшін 9-11 доллар (4000-4500 теңге шамасында. - ескерт.).  Баға халықтың кірісін ескере отырып, түзетіледі, бірақ әлемдік сұраныс бойынша қойылады. Жалпы, бұл фермерлерге жақсы, олардың еңбегі ақталады", - деді Асқар Жұбатыров.

Оның айтуынша, көп нәрсе жем бағасына байланысты.

"Бізде астық әлемдік бағамен сатылады. Кейінгі жылдары екі есе өсімді көріп отырмыз. Арпа қазір тоннасына 120 мың теңгеден сатылып жатыр, ал былтыр оның бағасы 70 мың теңге шамасында болған. Ал ет құнының 70-80 пайызы - жем. Менің ойымша, келесі жылы ет 40 пайызға қымбаттайды. Жазға қарай 3300-3500 теңге болады. Бірақ бұл ретте импорт нарықты біршама тұрақтандырады және бағаны айтарлықтай көтере алмайды. Мысалы, егер Беларусь 3,7 доллардан жеткізуді жалғастырса, Қазақстанда бұл ет 2500 теңге тұрады", - деді сарапшы.

Сондай-ақ, ет бағасына отынның қымбаттауы және биылғы мал басының көбеюі әсер етеді.

Беларуссиядан келген ет. Қазақстанға не үшін керек

Қазақстандық фермерлер тұтыну қажеттілігіннен көбірек ет өндіреді. Алайда, еліміз сиыр етін шетелден импорттайды. Жұбатыровтың айтуынша, бұл етті экспортқа импорттағаннан гөрі қымбаттататынымызға байланысты.

Оның айтуынша, фермерге қымбат сату тиімді. Қазақстанда сапасы өте жақсы ет өндірілетінін ескерсек, оған сұраныс әрқашан болады. Мұнда импорт бағаны тұрақтандыруға, сұраныс пен ұсынысты теңестіруге мүмкіндік береді.

"Импорттың шамамен 50 пайызы Белоруссиядан келеді. Неліктен олар арзанырақ? Себебі кері экспорт факторы бар", - деді Жұбатыров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети