08 қараша 2021 13:55

Министр Қазақстанда ресейлік нөмірмен қанша көлік жүргенін айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда ресейлік нөмірдегі 210 мың көлік барын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда ресейлік нөмірдегі 210 мың көлік барын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр Қазақстан мен Ресей арасында көлік құралдарының шартты қозғалысы бар екенін еске салды. Яғни, бұрынғыдай кеден бекеттері жоқ, сондықтан Қазақстаннан тыс жерлерде автокөлік құралдарын сатып алған азаматтар Қазақстанда есепке тіркетуі тиіс.

"Жағдай Қазақстан аумағында ресейлік 210 мыңға жуық көліктің, заңды негізде 150 мың көліктің болуына байланысты туындады, олар сенімхатпен жүре береді. Ресей ІІМ қылмыстық полициясы берген тізімдер бойынша 600 автокөлік ұрланды. Қазірдің өзінде 200-ге жуық көлік қайда екенін анықтадық. Бұдан басқа, 80 мыңнан аса көлік Ресей Федерациясының есебінен шығарылды, бірақ Қазақстанда есепке тұрмаған", - деді Тұрғымбаев Парламент Мәжілісінің сыртында.

Тұрғымбаев қазақстандықтар Қазақстан заңына сәйкес, сатып алу-сату шарты бойынша көліктерді сатып алып, оларды 10 тәулік ішінде өз атына тіркеуге міндетті екенін айтты. Министр осы 80 мың көліктің ешқайсысы Қазақстан аумағында техникалық тексеруден өтпегенін мәлімдеді.

"Олар айдай тұруға алғандарын айтады. Бірақ ресми сұранысқа сәйкес біз Ресейден 80 мың көлік құралының тізімін алдық. Сатып алу-сату шарты бойынша аталған автокөлік құралдары Ресейден алынды", - деп түйіндеді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети