27 мамыр 2023 12:27

25 жылдық сапар: Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: видео скрині Фото: видео скрині

Әнші Димаш Құдайберген жуырда ғана жарыққа шыққан "Өмір" атты әнінің шығу тарихын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Димаш Құдайберген жуырда ғана жарыққа шыққан "Өмір" атты әнінің шығу тарихын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Менің "Өмір" атты жаңа музыкалық бейнебаянымды көріп үлгергендеріңізге сенімдімін. Ол менің 25 жылдық шығармашылық сапарым туралы, оған әсер еткен адамдар мен оқиғалар туралы ой жүгірту ретінде құрылды. Сондай-ақ, бейнебаянның режиссері Ғалым Асыловқа экранда менің ойларым мен сезімдерімді жеткізе алғаны үшін алғысымды білдіргім келеді", - деп жазды әнші.

24 мамырда әнші Димаш Құдайберген 29 жасқа толды. Әншінің жанкүйерлері оны әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтады. Димаштың фотолары Нью-Йорктегі әйгілі Таймс-сквер ғимаратында да көрсетілді.

Ол өз туған күнінде жаңа бейнебаянын жариялады.

"Өмір - ақ пен қара алмасқан, бақ пен нала арбасқан, қуаныш пен қайғы таласқан, теңдессіз алып кеме. Айдындағы сұрапыл толқынға да, дауылға да төтеп беруіме түрткі болып жүрген барша тыңдарманыма туған күнімнің қарсаңында шығатын, алғаш рет әуені мен сөзі жан дүниемді жарып шыққан шығарма. Бұл туынды менің өмірім жайында", - деп жазды ол сол кезде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети