22 наурыз 2023 14:36

Баян Алагөзова күйеуімен бірге Жанар Дұғалованың тойына барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Продюсер Баян Алагөзова әнші Жанар Дұғаловаға бақыт тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.


Продюсер Баян Алагөзова әнші Жанар Дұғаловаға бақыт тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Ол әншімен бірге түскен фотоларын Instagram-дағы парақшасына жүктеді. Онда Жанар Дұғалова ақ көйлек киіп тұр. Продюсер тойға күйеуі Тұрсын Алагөзовпен бірге барған.

"Бақытты бол, сұлу да талантты Жанарым!", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Баян Алагөзова сонымен бірге өзі продюсерлік еткен топта өнер көрсеткен әншілердің көпшілігі тұрмысқа шыққанын, алайда олардың арасында алғаш рет Жанар Дұғалованың тойына барғанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін танымал әнші, актриса Жанар Дұғалованың ұзату тойынан видеолар тараған еді.

Ал оның алдында Жанар Дұғалова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында жақында тұрмысқа шығатынын айтқан еді. Сол кезде әншінің менеджері мұны Massaget.kz тілшісіне де растады.

Жанар Дұғалова - қазақстандық әнші, актриса, Türkvizyon 2014 байқауының жеңімпазы, KeshYou тобының экс-солисі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети