04 маусым 2021 16:33

Қазақстанда төрт айда халық саны 83 мың адамға артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың 1 мамырындағы есеп бойынша Қазақстан халқының саны қанша екенін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың 1 мамырындағы есеп бойынша Қазақстан халқының саны қанша екенін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елдің жалпы халқы 18 миллион 962 мың 892 адамға жетті. Жыл басында Қазақстанда 18 миллион 879 мың 552 адам болған. 83 мың 340 адамға көбейді. 

Халқы ең көп өңірлер

Халық саны бойынша Алматы облысы бірінші орында тұр. Онда 2 миллион 86 мың 387 адам тұрады. Түркістан облысы тұрғындарының саны 2 миллион 52 мың 484 адам. Алматыда 1 мамырдағы жағдай бойынша 1 миллион 993 мың 67 адам тұрады. Төртінші орында 1 миллион 376 мың 101 тұрғыны бар Қарағанды облысы. Шығыс Қазақстан облысында 1 миллион 362 мың 583 тұрғын бар.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан халқының саны төрт айда 14 мың 672 адамға артты. 1 мамырдағы жағдай бойынша елорда тұрғындарының жалпы саны 1 миллион 199 мың 83 адамға жетті.

Халықтың өсімі

Халық саны ең көп өскен Алматы (+15 809 адам), Шымкент (+15 694) және Нұр-Сұлтан (+14 672) көрсетті.

Халқы азайған аймақтар

Солтүстік Қазақстан облысында қайтыс болғандар саны дүниеге келген сәбилердің санынан 407 адамға асып түседі. Жалпы СҚО халқының саны 2021 жылдың төрт айында 1 536 адамға азайды.

Қостанай облысының халық саны да 1 374 адамға азайды.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары 1 214-ке азайды.

Бұдан басқа, Павлодар облысында да халық 652 адамға азайғаны тіркелді.

Қалалар мен ауылдар

Қазақстанның ауыл халқының саны 1 мамырдағы жағдай бойынша 7 миллион 741 мың 832 адам болды.

Елдегі қала халқы - 11 миллион 221 мың 60 адам.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети