27 мамыр 2023 09:08

Тимофей Скатов алғаш рет "Ролан Гарростың" негізгі кезеңінде ойнайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/skatov_timofey/ Фото: instagram.com/skatov_timofey/

Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатов алғаш рет "Ролан Гарростың" негізгі додасына жолдама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатов алғаш рет "Ролан Гарростың" негізгі додасына жолдама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 мамырда Тимофей Скатов Франция ашық чемпионатының ("Ролан Гаррос-2023") финалдық іріктеу кезеңіндегі матчын өткізді. Ол әлемнің 165-ракеткасы, бразилиялық Фелипе Мелигени Родригес Алвестен 2:6, 7:5, 6:3 есебімен жеңісті жұлып алды және карьерасында алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінің - "Ролан Гарростың" негізгі додасына шықты.

Матч 2 сағат 13 минутқа созылды. Екінші сетте қазақстандық 2:4 есебімен ұтылып келе жатқан, бірақ ол камбэк жасап, осы уақытқа дейін карьерасындағы ең елеулі табысқа қол жеткізді.

Барлық іріктеу матчты аяқталғаннан кейін Тимофей Скатовтың Париждегі бірінші қарсыласының есімін белгілі болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети