06 қазан 2022 16:37

Тоқаев дипломаттар арасында бірқатар тағайындау жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:t.me/pressmfakz Фото:t.me/pressmfakz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттар арасында бірқатар тағайындау жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттар арасында бірқатар тағайындау жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мағжан Ілиясов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі лауазымынан босатылған.

Ақан Рахметуллин Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылған.

Қайрат Омаров Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылған.

Жанар Айтжан Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі лауазымына тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети