19 желтоқсан 2021 14:56

Елизавета II ханзада Уильям мен Кейт Миддлтонға өтініш жасады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II ханзада Уильям мен оның жұбайы Кейт Миддлтоннан тікұшақпен ұшуды тоқтатуды өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.


Ұлыбритания патшайымы Елизавета II ханзада Уильям мен оның жұбайы Кейт Миддлтоннан тікұшақпен ұшуды тоқтатуды өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Ол немересі, әйелі және шөберелерінен қауіпсіздік мәселесіне байланысты әуе көлігінің бұл түрінен бас тартуды өтінді. Королева ұшақ апатынан оның отбасы қайтыс болуы мүмкін деп қорқады.

Мамандардың айтуынша, бұған дейін патша отбасының жоғары шенді мүшелеріне тікұшақпен ұшуға тыйым салынған жазылмаған ереже болған. Ханзада Уильямның отбасы үлкейген сайын хаттама жеңілдетілді. Ханзада Уильям, Кейт Миддлтон және олардың балалары, ханзада Джордж, Луи, ханшайым Шарлотта Лондон мен Норфолк арасында ұша бастады.

Басылымның мәліметінше, 2021 жылдың бір айында корольдік отбасының тікұшақтарымен екі оқиға болған. Алдымен корольдік Сикорский S-76 ұшағының ақауы анықталды, кейіннен ауа райының қолайсыздығына байланысты жоспарланған бағыттардың бірі тоқтатылды.

Бұған дейін ханзада Уильям суға батып бара жатқан жасөспірімді тікұшақпен құтқармақ болған. Оқиға 2017 жылдың мамыр айында Лондон маңындағы көлде, Ли Валли саябағында болған. Көл ортасындағы аралға жүзіп кетпек болған жасөспірім су астына кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети