19 желтоқсан 2021 11:15

Германия Ұлыбританияны COVID-19 мутациясының таралу аймағы деп жариялады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Роберт Кох институты (Германия Денсаулық сақтау министрлігіне бағынады) Германия дүйсенбі, 20 желтоқсаннан бастап Ұлыбританияны COVID мутациясының таралу аймақтарына жатқызатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Институттың мәліметінше, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігін, Ұлыбританияның барлық аумағын вирустық мутация кең таралған аймақтарға жатқызу 20 желтоқсан күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Осы аумақтан келгендер Германияда 14 күндік карантиннен өтеді. Бұл талап коронавирусқа қарсы екпе алғандарға және COVID-19-дан айыққандарға да қатысты. Карантин мерзімін қысқарту мүмкін емес.

Қазір Кох институты жасаған мутацияның таралуы байқалған елдердің тізімінде Ботсвана, Эсватини, Лесото, Малави, Мозамбик, Намибия, Оңтүстік Африка және Зимбабве бар. Тізім 3 қаңтарға дейін өзекті, содан кейін оны өзгертуге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети