08 қараша 2021 09:56

Қазан мешіті маңында видео түсірген тиктокер қыздың басы дауға қалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tiktok/barbieskam © tiktok/barbieskam

Қазанда тиктокер Дарья Пепеляева Құл-Шариф мешіті маңында бөксесін көрсететін видео жариялап, басы дауға қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KazanFirst сайтына сілтеме жасап.


Қазанда тиктокер Дарья Пепеляева Құл-Шариф мешіті маңында бөксесін көрсететін видео жариялап, басы дауға қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KazanFirst сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желі қолданушылары блогерді "мәдениет пен дәстүрді құрметтемейтін, тәрбиесіз" деп айыптады.

"Бөксесін жұртқа көрсетті, бұл ешкімді таңғалдырмай ма?", "Діншілдерді қорлады", "Шамасы, жезөкшелердің табысы қатты төмендеді, сөйтіп, осындай ұятсыз көріністі көрсетуді шешті. Жарнама - сауданың басты күші. Соның ішінде дене де".

Кейбір азаматтар қызды жауапқа тартуға шақырды, содан кейін блогер видеоны өшіріп тастады.

Ресейдің мұсылман әйелдер одағының төрағасы Наиль Зиганшина "Говорит Москва" радиостанциясына берген сұхбатында жастарды мұндай видеолар үшін жазаламау керек екенін, бірақ тарих пен руханиятқа құрметпен қарауды үйрету керек екенін айтты.

"Әзірге жазалаудың қажеті жоқ, бірақ үйрету керек. Жастарды руханиятқа, өз тарихына құрметпен қарауға үйрету қажет. Бұл жұмысты БАҚ та, қоғамдық ұйымдар да, жастар да жүргізуі керек. Іс жазаға жетпеуі үшін бұл мәселемен шұғылдану керек", - деді ол.

Зиганшина мұндай әрекеттер қоғам тарапынан айыпталатын екенін айтты.

"Мешіттер, синагогалар, шіркеулер фонында жастардың орынсыз мінез-құлқы пайда болған сайын, көпшілігі ашуланады, өйткені бұл ғибадатхана екенін және мұндай жерлердің маңында арандатушылық әрекеттер болмауы керек. Орыс халқы дәстүрді құрметтеген. Әрине, дәстүр сабақтастығын сақтау орынды. Біз көпұлтты елміз және бір-бірімізге құрметпен қараймыз", - деді Ресей мұсылман әйелдер одағының төрағасы.

Кейінгі уақытта Ресейде храм фонында жалаңаш дене бөліктерін көрсететін суреттер үшін бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Блогерлер Руслан Бобиев пен Анастасия Чистова Василий Блаженный соборында фотосессия жасағаны үшін 10 ай бойы колонияға қамалды. Лолита Богдановтың моделі сол ғибадатхананың фонында кеудесін жалаңаштаған видеодан кейін қылмыстық қудалауға ұшырады. Санкт-Петербургте Исаак соборының фонында іш киімін суретке түсірген қыз ұсталды. Кремльдің фонында бөкселерін ашқан эскортница Рита Фокс 14 күнге қамауға алынған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети