07 қыркүйек 2022 08:45

Өзбекстан президенті Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шавкат Мирзиеев. © president.uz Шавкат Мирзиеев. © president.uz

6 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


6 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Мирзиеев Қостанай облысындағы орман өртіне байланысты Тоқаевты қолдайтынын, сондай-ақ төтенше жағдайды жоюға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтқан.

Президенттер тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша өзара іс-қимылды кеңейтудің өзекті мәселелерін қарастырған.

Сауда, өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салаларындағы ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыруға ерекше назар аударылған.

Сондай-ақ, аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасқан. Осы айда Самарқандта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының алдағы саммитінің күн тәртібі талқыланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети