06 қараша 2021 13:15

Өзбекстанның қайта сайланған президенті қызметіне кірісті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/mirziyoyev_sh Фото: instagram.com/mirziyoyev_sh

Өзбекстанның қайта сайланған президенті Шавкат Мирзиеев 6 қарашада парламенттің қос палатасы бірлескен отырыста ант берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Өзбекстанның қайта сайланған президенті Шавкат Мирзиеев 6 қарашада парламенттің қос палатасы бірлескен отырыста ант берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Өзбекстанда президент сайлауы бес жылда бір рет өтеді, кезекті сайлау 24 қазанда өтті. ОСК бюллетеньдерді санағаннан кейін Мирзиеев 80,4 пайыз дауыстың 80,12 пайызын жинап, жеңіске жеткенін хабарлады. 2016 жылы желтоқсанда өткен президенттік сайлауда Мирзиеев 88,6 пайыз дауыстың 87,7 пайызын жинаған болатын.

Салтанатты рәсім алдында Сенат залына қазанда бекітілген Өзбекстан президентінің штандарты мен белгісі алғаш рет енгізілді.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаев Мирзиеевке Өзбекстан президентінің жаңа куәлігін табыстады.

Кейін жаңадан сайланған мемлекет басшысы Конституция мен Құранға қолын қойып, "Республиканың конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, азаматтар құқығы мен бостандығына кепілдік беруге, Өзбекстан Республикасының президентіне жүктелген міндеттерді адал атқаруға" ант берді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті Өзбекстан президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети