06 желтоқсан 2021 09:05

Үндістанда әскерилер қателесіп, 14 адам өлтіріп алды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

РИА Новости РИА Новости

Үндістан әскерінің елдің шығысындағы Нагаленд штатында жүргізген арнайы операциясы кезінде 14 адам, оның ішінде 13 бейбіт тұрғын қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Үндістан әскерінің елдің шығысындағы Нагаленд штатында жүргізген арнайы операциясы кезінде 14 адам, оның ішінде 13 бейбіт тұрғын қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, әскер Нагаландтың тыйым салынған ұлттық-социалистік кеңесінің мүшелеріне шабуыл жасамақ болған, бірақ көмір шахтасының жергілікті жұмысшылары үйлеріне қайтып бара жатқан жүк көлігіне қателесіп оқ жаудырған.

Әскер өкілі the Hindu басылымына бейбіт тұрғындар іздестіріліп жүрген көлікке ұқсас көлікпен келгенін, олар тоқтауды сұраған кезде "келісімге келмегенін" мәлімдеді.

Атыс салдарынан алты адам қаза тапты. Әскерилер полицияның келуін күткенде, жергілікті тұрғындар жиналып, оларға шабуыл жасаған. Қақтығыс нәтижесінде бір сарбаз қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алған. Әскерилер өзін-өзі қорғау мақсатында оқ атқаннан кейін тағы жеті азамат қаза тапқан.

"Тексерілген сенімді ақпарат бойынша, МОН округі, Нагаланд аймағында операция жасау жоспарланған. Бұл оқиға мен оның салдары үшін қатты өкінеміз. Адам өлімінің себебі зерттеліп жатыр, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданады", - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан бірнеше сарбаз ауыр жарақат алып, бір сарбаз алған жарақаттарынан қайтыс болғаны атап өтілді.

Нагаландтың бас министрі Нейфиу Рио қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтып, жоғары деңгейдегі комиссия тергеу жүргізіп жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети