Жер-жаһан 06 маусым 2022 09:44

Францияда пойыз апатынан 20 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Францияның шығысындағы туристік пойыздың тежегіштерінен жиырма адам зардап шекті. Олардың 11-і ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды France 3 телеарнасы.


Францияның шығысындағы туристік пойыздың тежегіштерінен жиырма адам зардап шекті. Олардың 11-і ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды France 3 телеарнасы.

Апат Ду департаментіндегі Понтарлье коммунасының жанында болғаны айтылады.

"Coni'fer туристік теміржол желісінде әдеттегі саяхат кезінде апат болды. Ду жандармерия ақпаратына сәйкес, апатқа екі паровоз вагонында тежегіштердің істен шығуы себеп болды. 30-ға жуық жолаушыны тасымалдайтын екі вагон локомотивке соғылып, пойыз ішінде жолаушыларды сілкіп жіберді. Ду өрт-құтқару қызметінің соңғы мәліметтеріне қарағанда, ауруханаға 11 жолаушы (10 жеңіл жарақат алған және біреуі ауыр жарақат алған) жеткізілді. Тағы зардап шеккен тоғыз адам ауруханаға жатқызылмаған", - делінген телеарна хабарламасында.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

Читайте также