Пандемия аяқталатып, саяхат шекаралары қашан ашылатыны белгілі болды

"Пандемия 2024 жылға дейін созылады". Мұндай мәлімдемені вакцина шығаратын Pfizer компаниясының өкілдері жасады. Бұл ұйымның бас ғылыми директоры Микаэль Долстеннің айтуынша, тек кейбір ел ғана коронавирус проблемаларын артта қалдырып, аурудың төмен деңгейімен ғана күресетін болады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром сайтына сілтеме жасап.

Басқа аймақтарда алдағы бір-екі жылда коронавирус жұқтыру пандемия деңгейімен сәйкес сақталады. Ал 2024 жылға қарай вирус дүние жүзі бойынша эндемикалық деңгейде қалады.

"Бұл қашан және қалай болатыны аурудың дамуына, қоғамның вакциналар мен емдеуді қаншалықты тиімді қолданатынына және вакциналау деңгейі төмен жерлерде таралуына байланысты болады", - деді Pfizer өкілі.

Ол жаңа нұсқалардың пайда болуы пандемияның одан әрі дамуына әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!