Қазақстандықтар Ташкентке көлік және пойызбен қалай жете алады

Наурыздың ортасында Өзбекстан қазақстандық туристердің құрлық шекарасы арқылы кіруіне шектеулерді алып тастады. Ал 2022 жылдың 16 мамырынан бастап Қазақстан Ташкентке пойыз рейстерін қайта бастады. Kaz.tengritravel.kz тілшісі туристер үшін Өзбекстанға қалай жетуге болатыны туралы ақпарат жинады.

Ташкентке пойызбен бару

Алматы - Ташкент бағытындағы № 1/2 пойыз. Ол аптасына үш рет - дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері жүреді. Алматы-2 вокзалынан шығады. Құрамада 24 вагон бар. Жол жүру уақыты - 18 сағат 30 минут. Билет құны мемлекетаралық тариф бойынша белгіленген. Бағасы 17 481 теңгеден басталады. Нақты құнын сайтта нақтылауға болады.

Аталған пойыз Қазақстанда Отар, Шу, Тараз, Түлкібас, Манкент, Шымкент және Сарыағаш станцияларынан өтеді. Ташкентке билеттерді көрсетілген елді мекендерден де сатып алуға болады. Мәселен, Тараздан билет құны 10 100 теңгеден, Шымкенттен 7 300 теңгеден басталады.

Билеттерді электронды форматта және теміржол кассаларында сатып алуға болады. Электрондық билеттерді сатып алу кезінде жолаушылар оларды А4 форматындағы қағазға басып шығаруы керек.

Сонымен қатар, 2022 жылдың 15 мамырынан бастап аптасына үш рет - дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері - Бейнеу - Нүкіс бағытындағы пойыз қатынайды. Жол жүру уақыты - 14 сағат. Құны 6 400 теңгеден басталады.

Ташкентке автобуспен бару

Автобустар Алматыдан Ташкентке күн сайын күніне үш рет - сағат 17.00, 18.00, 19.00-де жүреді. Билет бағасы - 5 200 теңге. 12 жасқа дейінгі балаларға - 50 пайыз жеңілдік. Жол жүру уақыты - 14-15 сағат. Автобустар ыңғайлы, жиналмалы орындықтары бар. Ұйықтайтын автобустар тақ күндері жүреді. Кестені Алматы қаласының "Сайран" халықаралық автовокзалының сайтынан немесе анықтама нөмірі бойынша нақтылауға болады. Билеттерді автовокзалдың кассаларынан тек төлқұжатпен сатып алуға болады.

Туристік кластағы жайлы автобустарда Ташкент пен Шымкент арасындағы тікелей автобус қатынасы күн сайын күніне үш рет - 8.30, 13.30 және 19.30-да қолжетімді. Жол жүру уақыты 2,5-3 сағат. Билет бағасы - 3 000 теңге. 5 жасқа дейінгі балаларға тегін. 5 жастан 10 жасқа дейін - 50 пайыз жеңілдік. Билеттерді Шымкент қаласындағы "Бекжан" автовокзалының кассасынан, сондай-ақ +7-747-109-87-76 телефоны бойынша жеке тасымалдаушымен хабарласып, онлайн сатып алуға болады.

Сонымен қатар, Қызылордадан да Ташкентке автобус қатынайды. Күн сайын сағат 17.00-де. Билет бағасы - 3 500 теңге. Билеттер сол жерде сатып алынады. Автовокзалға +7 7242 2335208 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

ҚР ИИДМ Көлік комитеті Автомобиль көлігі басқармасының басшысы Селим Қуанышұлының айтуынша, Қызылордадан Өзбекстанның Чирчик қаласына да автобус қатынайды. Автобустар ыңғайлы, туристер үшін барынша қолайлы.

"А3 кластағы туристік автобус. Егер маршрут 300 шақырымнан аз болса, шағын автобустардың қайырмалы орындықтармен және жеке багаж бөлігімен жүруіне жол беріледі. Сондай-ақ, туроператорлар экскурсия үшін ұйымдастырған тұрақты емес рейстер немесе жеке автобустар бар. Автовокзал сұраныстың артуымен өз бетінше рейстер санын көбейтуге құқылы", - деді ол.

Бұған дейін туристер Ташкент пен Самарқанға Түркістаннан да бара алатын. Алайда автобустардың жүруі белгісіз мерзімге тоқтатылды.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!