Қостанайдан Ганноверге әуе рейсі 2022 жылы қайта ашылады

Неміс Ганновері мен Қостанай арасындағы әуе қатынасы 2022 жылдың жазында қайта басталады. Тұрақты емес рейстер 14 мамырдан 4 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі тасымалдаушы әуекомпанияның сайтына сілтеме жасап.

Қостанай - Ганновер әуе рейсін "Эйр Астана" әр сенбі және жексенбі сайын Airbus A320-да бизнес-класта 28 орын және эконом-класта 151 орынмен жүзеге асыратын болады.

"Біз Ганновер мен Қостанай арасындағы маусымдық қызметімізді 2022 жылдың жазында қайта бастайтынымызға қуаныштымыз. Осылайша, біз неміс нарығының маңыздылығын атап өтеміз және клиенттерімізге Қазақстанға сапар шегу үшін тағы бір таңдау ұсынамыз. Ганноверден шығатын маршрут Франкфурттан Нұр-Сұлтан, Атырау және Орал қалаларына келетін рейстерімізге қосымша маңызды қызмет болды. Әсіресе, достар мен туыстарға бару соңғы бір жарым жыл ішінде мүмкін емес болатын немесе оңай болмайтын", - деп хабарлады әуекомпанияның Германия, Австрия және Швейцария елдері бойынша менеджері Свен Госсов.

Қостанай - Ганновер рейстері азаматтардың туыстары мен достарына бару үшін іске қосылады, өйткені Қазақстанда туып-өскен көптеген адам Төменгі Саксония мен көршілес федералды жерлерде тұрады.

KC 924 рейсі Ганноверден сағат 14.55-те ұшып шығады және Қостанайға жергілікті уақыт бойынша сағат 11.50-де келеді. KC 923 кері рейсі Қостанайдан сағат 12.50-де ұшып шығады және сағат 1.55-те Ганноверге қонады.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!