Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Art sport бағдарламасынан миллиондаған ұрлық фактілері анықталды

спорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2022 16:56 Сурет: pixabay
Алматы қаласы прокуратурасының Art sport бағдарламасын тексеруінің алдын-ала нәтижесі бойынша бір қылмыстық іс қозғалды және тағы алты қылмыстық іс ашуға негіз бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Рақышев жұмыс тобының отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, бюджет қаражатын бірнеше миллион доллар жымқыру анықталған.

3000-нан астам баланың шетелде болғаны анықталды. 5000-нан астам сабақ өткізілген жоқ. Сонымен қатар жаттықтырушылардың еңбек құқығы бұзылды. Шарттар жасалмады, зейнетақы аударымдары жүргізілген жоқ. Балалармен тығыз жұмыс істейтін 10 жаттықтырушы бұрын сотталған болып шықты. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Мұнда бюджет қаржысын ұрлау үшін нақты схема болған. Біз осы бағдарламаның жұмысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеуіміз керек. Бағдарлама функционалының өзі тиімсіз, бақылау-қадағалау органдарына бюджет қаржысының жұмсалуын уақытылы әрі тиімді бақылауға мүмкіндік бермейтінін көріп отырмыз, - деді Нұрсұлтан Рақышев

Прокуратура тексеру комиссиясымен бірлесіп алаяқтыққа жол бермеу үшін бағдарламаның техникалық аудитін пысықтап жатыр. Тексерулер жалғасып жатыр, нәтижесі тексеріс біткесін жарияланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: