Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңесте әкімдерге тапсырма берді

Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2022 19:00 Сурет: akorda.kz
Президенттің төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің күн тәртібінде "Жайлы мектеп" жалпыұлттық жобасын іске асыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президенттің айтуынша, , бүгінгі күнге дейін қаншама рет айтылып келе жатса да өкінішке қарай, үш ауысымды мектеп, қақырап, құлайын деп тұрған ескі мектеп мәселелері толығымен шешілмеген. Осыған байланысты Мемлекет басшысы әкімдерге жылдың соңына дейін жер телімі, инфрақұрылым және тағы басқа мәселелерді толықтай шешуді бұйырып, алда сөзбұйдаға енді жол берілмейтінін қадап айтты.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында мемлекеттік инвестиция есебінен 800 мың оқушыға орын қарастырылады.

Жобаның мақсаты мен міндеттері

  • 2026 жылға қарай қалалар мен қарқынды дамып келе жатқан (перспективалы) елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептер салу;

  • мектептерді салу кезінде құрылыс пен жабдықтаудың бірыңғай стандартын қолдануды қамтамасыз ету;

  • оқушылар мен оқытушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау;

  • білім беру қызметінің сапасын арттыру.

Сала үшін тиімділігі

  • үш ауысымды және апатты мектептерді жою;

  • білім сапасына қатысты алшақтық факторларын жою (қалалық/ауылдық);

  • білім беру ортасының жаңа стандарттарын енгізу.

    Әкімдердің жеке жауапкершілігіне берілетін жұмыстар:

    • мектеп салуға жер телімдерін беру;

    • инженерлік инфрақұрылымды, жолдарды салу, қоғамдық көлік бағыттарын анықтау және т.б. жұмыстарды жүргізу;

    • Педагог кадрлармен қамтамасыз ету және мектептерді иелікке алу;

    • мектепті пайдалануға берудің бекітілген жоспарын уақтылы орындау;

    • Жобаны іске асырудың алғашқы жылында оқушы орны тапшы аймақтарда мектептер салуды қамтамасыз ету.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: