Жаңалықтар тізбегі
0

ҰҚК арнайы операциясы: есірткі құрылымдарының 59 мүшесі ұсталды

Есірткі тасымалдағандар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2022 16:41 Сурет: gov.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі құрылымдарының 59 мүшесінің ұсталғанын хабарлады. Комитеттің мәліметінше, 2022 жылдың шілде-қазан айларында ҰҚК есірткіге қарсы 36 операция жүргізген, оның ішінде Ресей, Өзбекстан және Қырғызстандағы серіктестермен бірлесіп, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында атап өтілгендей, есірткі саудасының 11 халықаралық және 14 өңірлік арналары жойылды. Синтетикалық препараттар шығаратын 4 жасырын зертхананың қызметі де анықталды.

Сондай-ақ, арнайы операция барысында есірткі құрылымдарының 59 мүшесі ұсталды.

Заңсыз айналымнан 282 келіден астам есірткі, оның ішінде 32 келі героин, 11 келі апиын, 60 келі синтетикалық есірткі, 156 келі марихуана, 22 келі гашиш тәркіленді, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 861 экстази таблеткасы мен психотроптық заттарды жасауға арналған 3 тоннадан астам химиялық реагент айналымнан алынды.

11 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Бейнеу» қылмыстық тобын ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен 5 белсенді мүшесі ұсталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: