Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкенттегі цехтан шыққан өрт 3 сағаттан соң сөндірілді

Өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2023 15:09 Cурет: Шымкент ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Шымкентте 3 тонна макулатурасы бар цех өртенді, өрт 3 сағаттан кейін сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2023 жылғы 15 қаңтарда сағат 10:47-де "101" басқару пультіне Еңбекші ауданындағы Қапал батыр көшесінде өрт туралы ақпарат түскен.

"Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп,  өрт "Оңтүстік" индустриялық аймағында  макулатура қайта өндеу бойынша "Бумпром" ЖШС аумағында болғанын анықтады. Алдын ала мәліметтер бойынша жалпы ауданы 60х20 шаршы метр болатын жеке цех жанған. Ғимарат бір қабатты, автономды жылыту, ішінде 3 тонна макулатурасы бар, картон қалдықтары жанып жатыр. Өрттің ауданы 200 шаршы метр болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - делінген хабарламада.

Өрт сағат 12.37-де оқшауланды, сағат 13.18-де сөндірілді.


Өртті сөндіруге Шымкент төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 52 адам мен 14 бірлік техника жұмылдырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: