Жаңалықтар тізбегі
0

Мердігер мен шенеуніктер арасындағы дау: оқушылар апатты мектепте білім алуға мәжбүр

Құрылыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2023 01:11 Сурет: astanatv.kz
Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданындағы мектеп оқушылары құрылыс компаниясы мен облыстық құрылыс басқармасы арасындағы даудың кесірінен апатты жағдайда тұрған мекемеде білім алуға мәжбүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, компания құрылыс материалдары қымбаттап, шығынға батқанын айтса, шенеуніктер мұнымен келіспейді.

Қазталов ауданындағы 600 орындық мектеп былтыр ашылуы тиіс еді, бірақ құрылысы әлі бітпеген. Қазір ауыл балалары апатты мектепте оқиды. Мектеп басшылығы опырылып құлауы мүмкін ғимараттың үшінші қабатын жауып, жарылған қабырғаны темірмен тартып қойған. Ал көктемде қардың еріген суы жертөлеге ағады. Ал қоғам белсенділері жергілікті әкімдіктен бастап, біраз органның құрылысты дер кезінде қадағаламағанын айтады. 

"Қазталов ауданындағы мектептің құрылысы тоқтап тұрғанын біз жақында ғана көтерген болатынбыз. Содан кейін ғана аудандық қоғамдық кеңесте бірден талқылап, бұл проблеманы осыған дейін үш жыл бойына ешкім көрмегендей әсер қалдырып жатыр. Ең бастысы - бұл жерде балалардың конституциялық құқықтары бұзылып отыр. Олар қандай жағдайда оқып жатыр, қалай оқып жатыр, білімнің сапасы қандай?" Заңгер Бауыржан Зәки

Жаңа мектепті салуға бастапқыда 2 миллиард теңге бөлінген. Кейін баға қымбаттаған соң жоба түзетіліп, тағы 668 млн теңге қосылған. Ал кәсіпкер бұл ақшаға құрылыс материалдарын тасу шығыны қосылмай, шығынға батқанын айтты.

"Пандемия біраз кесірін тигізді, қаржы да уақытылы аударылмады. Іле-шала құрылыс материалдары қымбаттады. Материалды тасудың өзіне 273 миллион теңге жұмсадық. Енді құрылыс басқармасын сотқа беріп, шығынымызды өндіріп алмақпыз. Сотта жеңсек, мектепті салып бітіреміз. Қазір тек ішкі жұмыстары қалды".  Мердігер мекеме өкілі Татьяна Коршева

Ал шенеуніктер құрылысты уақытылы салып бітіруді міндеттеп, мердігерді сотқа берген. 

"Кірпіштен қаланатын немесе монолит құйып тастайтын мектеп емес. Ол колоннасын қояды, ортасына ригелін қояды, колоннасын қояды, плитасын жабады. Тағы да колоннасын қояды, 1, 2-қабаттың. Солай-солай жинайтын мектеп болғаннан кейін, оның бәрін тасымалдау керек. Сметада ол жұмыстар салынбаған. Кезінде келісімшарт жасалғанда да сол тасымалдау шығындарының жоқ екенін көрді.  БҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұркен Молдашев

Бірін бірі сотқа берген екі тарап жеңіске жетсек, құрылысты алдағы жазда аяқтаймыз деген, бірақ қашан бітері белгісіз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: