Жаңалықтар тізбегі
0

Parimatch Foundation есту қабілеті нашар балаларды спортқа баулуда

Хоккей, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2023 15:08 Сурет: Лола Саидмуратова
Parimatch Foundation халықаралық қайырымдылық қоры өмірлік жағдайларына қарамастан балалар мен жастар арасында спорт мәдениетін дамыту миссиясын жалғастыруда. Жылдың алғашқы бастамасы есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің хоккей матчына баруы болды.

26 қаңтар күні шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының тұрақты маусымы аясында "Ақтөбе" ХК мен "Горняк" ХК арасында қызк шайқас өтті. "Спорт тәлімгері" бағдарламасы аясында ойынды есту қабілеті бұзылған балаларға арналған Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернатынан 26 шақырылған қонақтар тамашалады. Қайырымдылық қоры жас жанкүйерлерді көлікпен және жеңіл тағамдармен қамтамасыз етті.

"Балалар Parimatch Foundation осындай іс шараға шақырғанына өте қуанышты болды. Олар қордың арқасында бірнеше рет осы сияқты матчтарға қатысқан және әрдайым өз командасын өз көздерімен көріп, қолдау үшін келесі сапарды асыға күтіп жүреді", — деп бөлісті директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Венера Ғабитова.


Хоккей, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2023 15:08

Сурет: Лола Саидмуратова


Өткен жылдың соңында интернат тәрбиеленушілері хоккей және футбол матчтарына қатысқан болатын. Ғабитованың айтуынша, балалар спортқа үлкен қызығушылық танытып, сапардан алған әсерлері мен егжей-тегжейлерін ұзақ талқылайды екен.

"Біз үшін қиын өмірлік жағдайлардағы балалардың спортқа деген сүйіспеншілігін ынталандыру өте маңызды. Спорт шабыттандырады, өздерінің қабілеттеріне батылдық пен сенімділік береді. Бұл кез-келген бала үшін, әсіресе интернаттағы балалар үшін өте маңызды қасиеттер. Кәсіби спортшыларға қарап, олар мықтылықты, тәртіпті және ынта-жігерді көреді, олар тіпті спортта да әсерлі биіктерге жетуге тырысады", — деді Виктория Андреева, Қазақстандағы Parimatch Foundation жобаларының маманы.

Ауыр шайқастан кейін Рудныйдың "Горняк" командасы мұз алаңы иелерін 4:6 есебімен жеңді. Бірақ матчтың керемет болғаны соншалықты, жас жанкүйерлер мұз алаңы командасының жеңілісіне бола көңіл күйлерін түсірмеді.


Хоккей, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2023 15:08

Сурет: Лола Саидмуратова


"Мұз иелері қарсыласына жол бергеніне қарамастан, балаларға ойынның өзі, трубанадағы атмосфера және жанкүйерлердің эмоциялары өте ұнады-мұндай жарқын қолдау мен хоккейшілердің әсерлі және қызу шайқасынан алаңдағы мұз да ери бастады!" — деді Ақтөбе облысы шайбалы хоккей федерациясының баспасөз хатшысы Марат Жұмабаев.

Parimatch Foundation-2019 жылы құрылған халықаралық қайырымдылық қоры. Қордың басты мақсаты - балаларға спортпен шұғылдануға және оқуға тең мүмкіндіктер мен қол жетімділік беру арқылы қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: