Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада 600-ден астам медицина маманы жетіспейді

Астанада 600-ден астам медицина маманы жетіспейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2023 17:04 Сурет: pixabay
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында қалада медицина мамандары тапшы екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, ұлттық ғылыми медицина орталығы жақында жекеменшікке өтті. Онда бүйрегін ауыстырған науқастарды оңалту жұмысы тоқтатылған. 

Сонымен қатар президент елордаға кадрлар тартуды және "Елорда жастары" бағдарламасына медицина қызметкерлерін қосу туралы айтты.

"Әлихан Асханұлы, ірі медициналық мекемелерді жекешелендірудің тиімділігін қайта қарайтын кез келді. Бұдан бөлек, медицина кадрларының тапшылығы да қиындық туғызып отыр. Қалада 600-ден астам маман жетіспейді. Денсаулық сақтау министрлігі осы мәселелерді шешу қажет. Бұл салаға білікті мамандарды тартып, олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Жеңіс Махмұдұлы, осы мәселені жеке бақылауға алыңыз. "Елорда жастары" бағдарламасына медицина қызметкерлерін қосу мүмкіндігін қарастыру керек".Қасым-Жомарт Тоқаев

Айта кетейік, бұдан бұрын мемлекет басшысы Астанадағы балалар медицинасына қатысты мәселенің бәрін шешуді тапсырды. Оның сөзінше, балалар емханасындағы қабылдау бөлмелері заман талабына сай емес. Қалада балаларға арналған жалғыз травматология пункті бар. Жарақат алған балалар сол жерде ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр болады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: